Колледж тарихы

Колледждің қалыптасу және даму тарихы қала тарихымен, ел тарихымен тығыз байланысты.

Оқу орны ашылғаннан бастап колледж директоры болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ли Вячеслав Николаевич тағайындалды.

2006 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта білім беру мекемесі түрлі саладағы 1000-нан астам жас мамандарды дайындады.

2019 жылдың қазан айынан бастап құрылтайшы өзгертілді (құрылтайшылар жиналысының 2019 жылғы 10 қазандағы шешімі) және 11 қараша 2019 жылдан бастап колледж Нұр-Сұлтанның сол жағалауында орналасқан жаңа ғимаратқа көшірілді.

Құрылтайшының ауысуына байланысты Бекенова Майра Кужахметқызы колледждің бас директоры қызметіне, Жүніс Лаура Ақжігітқызы атқарушы директор болып тағайындалды.

2020 жылдың сәуір айынан бастап Жанаева Гүл Сайлауқызы колледждің бас директоры болып тағайындалды.

Қазіргі уақытта колледж СанПин нормалары мен талаптарына сәйкес техникалық құрал-жабдықтардың толық кешенімен (дыбыстық дабылды күзет жүйесі, өрт дабылы құрылғылары, ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары) жабдықталған екі ғимаратқа ие (Бектурова көшесі, 7 ғимарат, (Зам-Зам тұрғын үй кешені), Қонаев көшесі 29/1, Дипломат тұрғын үй кешені).

Колледждің оқу ғимаратында жалпы 84 бөлме бар, оның ішінде интерактивті оқу құралдарымен (интерактивті тақта, проектор, электрондық ресурстар) жабдықталған 23 кабинет оқу бөлмесі ретінде пайдаланылады. Электро-дыбыстық құрылғымен жабдықталған мәжіліс залы бар.